Monday, March 4, 2024
Білім беру басқармасының
Басшыларына
Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларына
Институционалдық аккредиттеуден өткен «ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) (Институционалдық аккредиттеу туралы куәлік 24.12.22 ж. IA-D № 012), қосымша білім беруді дамыту саласында сапалы қызмет көрсетеді.
Құжаттарды қарау жөніндегі Жұмыс тобы отырысының 2023 жылғы 24 сәуірдегі №4 хаттамасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізіліміне енгізу, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Қор ұсынған құжаттардың сәйкестігі туралы шешім қабылданды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сараптама қорытындысынан өтіп, білім беру бағдарламаларының тізіміне енгізілген.
Білім беру ұйымдарының педагогтарына 80 сағаттық оқу бағадарламалары бойынша біліктілігін көтеру курстарын ұсынамыз. Бұл бағдарламалар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.
1. «Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын және функционалдық сауаттылығын дамыту»
2. «Жоғары сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту»
3. «Педагогтердің метапәндік құзыреттілігін дамыту»
4. «Білім беру ұйымдарында буллинг және кибербуллингтің алдын алу»
5. «Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы»
6. «Инклюзивті білім беру ортасын құру бойынша тиімді менеджмент негіздері»
7. «Білім беру ұйымдарындағы педагог-ассистент»
8. «Орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педаготың (дефектолог-мұғалімнің) кәсіби құзыреттілігін дамыту»
Мақсатты топ: мектеп мұғалімдері.
Бағдарлама бойынша оқу құны 25 000 теңгені құрайды, оқыту қашықтықтан өткізіледі. Бағдарлама вебинарлар сериясын өткізуді көздейді. Оқуды аяқтағаннан кейін, біліктілік көтеру курсынан өту туралы сертификат беріледі. Оқыту ZOOM платформасы бойынша өткізіледі.
Осы бағдарламаға қатысу үшін, mfptoedu@mail.ru электрондық почтасына төлем түбіртегімен бірге толтырылған өтінімді (1-қосымша) жіберу қажет.
Мақсатты жарналар келесі деректемелер бойынша қолма-қол емес есеп айырысумен немесе почталық бөлімше арқылы төленеді:
«Kaspi Bank» АҚ
БИК: CASPKZKA
БСН: 160640002316
KZT шот нөмірі
KZ22722S000013294460
KBE: 18
Алушының атауы:
«ТМД елдерінде білім беруді дамытудың халықаралық қоры» АҚ
Мекенжайы: Астана қ-сы, Сарыарқа даңғ., 17-үй, 13-кеңсе
Төлемнің мақсаты: Біліктілік көтеру үшін мақсатты жарна.
Телефондары: 8-7172-57-69-80, 8-777-406 33 96, 8-775-835-10-61,
8-708-425-18-06, 8-708-425-22-93.
Өтінім беру https://cloud.mail.ru/public/RdGk/KEaDD4vEb