19 апреля 2024 г.
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі балалардың шығармашылық ойлауы мен зияткерлік қабілеттерін дамытудың инновациялық тәсілдері: халықаралық шолу» тақырыбында халықаралық конференция.
ТМД бойынша білім беру жүйесін дамытудың халықаралық қоры (бұдан әрі-Қор) «Үркер» зияткерлік орталығымен бірлесе отырып, ПОНИ® зияткерлік турнир авторы В.И. Гагариннің («Перспектива» білім беру орталығы» АКЕҰ орталығының президенті), ПОНИ® тапсырмаларының авторлары Е.В. Погребняктің (Новосибирск Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Бастауыш білім беру кафедрасының доценті), Н.В. Дружининаның (п.ғ.к., Новосибирск біліктілікті арттыру Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті) және басқа да жетекші отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен педагогтерге арналған «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі балалардың шығармашылық ойлауы мен зияткерлік қабілеттерін дамытудың инновациялық тәсілдері: халықаралық шолу» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.
Халықаралық конференция 2024 жылғы 03-04 маусым аралығында Щучинск қаласындағы "Щучинский" шипажайының базасында өткізіледі (базаға кіру күні: 2024 жылғы 2 маусым).
Халықаралық конференция келесі секцияларды қамтиды:
- 1-секция. Мектепке дейінгі білім: Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Осы секцияға қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік жарыстарын ұйымдастыру мен өткізудің озық әдістемелерімен танысады, сондай-ақ балалардың қоршаған әлемге деген қызығушылығын оятуға ықпал ететін және балаларға ойлануды және қабылдауды үйренуге, сөйлеу мен қиялды дамытуға көмектесетін жарыстық типтегі шығармашылық конкурстарды дайындау мен өткізудің сараланған тәсіл техникасын игеруге мүмкіндік алады.
- 2-секция. Бастауыш білім беру: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауы мен функционалдық сауаттылығын дамыту. Бұл секцияда бастауыш сынып мұғалімдері білім алушылардың математикалық ақпаратты талдауы және түсінуі, математикалық мәлімдемелерін тұжырымдауы және негіздеуінің әдістерін талқылайды. Олар сондай-ақ балалардың зияткерлік жарыстарында инновациялық-ақпараттық технологияларды қолданудың әртүрлі тәсілдерін және бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауын, оқу, математикалық және жаратылыстану ғылыми сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды таңдау тәсілдерін қарастырады.
Конференцияны өткізу тілі: мемлекеттік және орыс тілдері.
Конференция соңында барлық қатысушылар: 1) Халықаралық конференция сертификатын, 2) ҚР БжҒМ 2020 жылғы 04 мамырдағы №175 бұйрығының талаптарына сәйкес ҚР Ағарту министрлігімен келісілген Біліктілікті арттыру курсының сертификатын, 3) авторлардың балаларға арналған тапсырмалардың электрондық жинағын, 4) конференцияның соңында баспадан шығарылатын баяндамалардың тезистер жинағын алады. Тезистер жинағына арналған материалдарды 2024 жылғы 12 мамырға дейін mfptoedu@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек. Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар 1-қосымшада берілген.
Конференцияның құны 80 000 теңгені құрайды, оған оқыту, тұру, тамақтану, емделу және конференция баяндамаларының тезистер жинағы кіреді. Орындар шектеулі.
Байланыс телефондары: 8-708-425-22-93, 8-777-406-33- 96, 8-708-425-18-06.