Өзара ынтымақтастық туралы меморандум Каспий Дарыны

27 мая 2024 г.

2024 жылдың 23 мамырында еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыру, білім беру сапасын жетілдіруде тиімді ынтымақтастық орнату, бәсекеге қабілетті жас дарындарды дамыту мен тәрбиелеу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтің белгілеген басымдылықтарды орындау мен білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау мақсатында «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» МКҚК мен «ТМД елдері бойынша білім беру жүйесін дамытудың халықаралық қоры» ҚҚ меморандумға қол қойды.