15 января 2025 г.
Қор 25 қараша мен 20 желтоқсан аралығында Орал қаласында онлайн және офлайн форматта "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде құндылыққа бағдарланған білім беру негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша 6 мектептің мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерін біліктілікті арттыру курсын өткізді. Жобаға Қор Президентінің кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы жетекшілік етті. Жоба барысында педагогтармен, ата-аналармен және мектеп оқушыларымен кездесулер өткізілді. Курс тыңдаушылары екі платформа алды: дербес оқыту үшін және мектептің оқу-тәрбие жұмысы бойынша платформа. Сондай-ақ, Қор 2025 жылдың 5 айында курстан кейінгі тегін сүйемелдеуді ұсынды. Курстар аяқталғаннан кейін Instagram mfpto.2019-де оң пікірлер алынды.