Білім беру ұйымдарында буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша біліктілікті арттыру курсының білім бағдарламасы

суббота, 2 сентября 2023 г.

Бағдарлама психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қызметті тиімді жүзеге асырудың негізі ретінде психологиялық-педагогикалық-әлеуметтік қолдауды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.

Бағдарламаның өзектілігі

Қазіргі кезеңде білім беруді дамытуда педагогтердің әлеуметтік және білім беру ортасында және әлеуметтік өзара әрекеттестікте буллинг және кибербуллингке байланысты мәселелер туындап, шиеленісе түсуде.

Отандық білім берудің қазіргі даму кезеңі педагогика, философия, әлеуметтану ғана емес, сонымен қатар психология саласындағы зерттеулердің басым бағыттарын зерттеу балалардың әлеуметтік-психологиялық даму мәселесінің туындау себептеріне әкелді.

Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті мінез-құлық түрлері, буллинг және кибербуллинг, оларға қатысты зорлық-зомбылықтың туындау мәселесі білім беру ұйымдарында өзекті болып отыр.

Білім беру ұйымдарындағы буллинг, кибербуллинг, аутодиструктивті мінез-құлық, жасөспірімдердегі зорлық-зомбылық қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық көптеген ғылыми зерттеулерге қарамастан, бұл мәселе түпкілікті практикалық зерттеулерді қажет етеді.

Осыған орай білім беру ұйымдарындағы буллинг, кибербуллинг сияқты аутодиструктивті мінез-құлық, жасөспірімдердегі зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігі мен қауіпті жағдайлар динамикасының өсуіне байланысты педагогтердің практикалық құзіреттілігін арттыру мәселесі маңызды.

Мақсатты топ: білім беру ұйымдары басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері.

  1. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бағдарлама 3 модульден тұрады:

Модуль 1. Білім алушылардың арасындағы зорлық-зомбылықты алдын алудың әдіснамалық және теориялық негіздері

Модуль 2. Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг\кибербуллинг кезінде білім беру ұйымы әкімшілігіне және педагогикалық ұжымға қойылатын талаптар.

Модуль 3. Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг\кибербуллинг кезіндегі қауіпсіздікті қалыптастыру жолдары (профилактикасы, алгоритмі)

 

1

Модуль 1 Білім алушылардың арасындағы зорлық-зомбылықты алдын алудың әдіснамалық және теориялық негіздері

1.1

Білім беру ұйымдарындағы буллинг және кибербуллинг ұғымын талдау, әлемдік және отандық тәжірибелер

1.2

Білім беру ортасында түрлері мен себептері

зорлық-зомбылық 

1.3

Нормативтік құқықтық актілер

1.4

Өздік жұмыстар тапсырмалары

үшін

зерттеу

2

Модуль 2 Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг\кибербуллинг

кезінде мектеп/білім беру ұйымы әкімшілігіне және педагогикалық ұжымға қойылатын талаптар

2.1

Білім беру ұйымдарында буллинг түрлері мен классификациясы

2.2

Буллинг жағдаяттары және ол проблеманы көрсететін белгілер

2.3

Білім беру ұйымдарындағы бала қауіпсіздігі. Ұсынымдар, ережелер мен талаптар

2.4

Балаларға ата-ананың қатынасы олардың эмоционалды әл-ауқатының психологиялық факторы ретінде

2.5

Өздік жұмыстар тапсырмалары

үшін

зерттеу

3

Модуль 3 Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг\кибербуллинг кезіндегі қауіпсіздікті қалыптастыру жолдары профилактикасы, алгоритмі)

 

3.1

Білім беру ұйымдарында жәбірлеу мен буллингтің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен принциптері

3.2

Буллингті алдын алудың психологиялық- педагогикалық аспектілері

3.3

Буллинг\кибербуллинг профилактикасының моделі

3.4

Білім беру ұйымдарында педагогтердің буллинг, кибербуллингке ұшыраған білім алушылармен жұмыс істеу алгоритмі

3.5

Өздік жұмыстар тапсырмалары

үшін

зерттеу

 

 Толық ақпаратты жүктеу

Жанерке 27.09.2023 12:03:17

Білім беру ұйымдарындағы буллинг, кибербуллинг, аутодиструктивті мінез-құлық, жасөспірімдердегі зорлық-зомбылық қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық көптеген ғылыми зерттеулерге қарамастан, бұл мәселе түпкілікті практикалық зерттеулерді қажет етеді. Сол үшін бұл курс біздің жұмысымызда үлкен рөл атқарады. Қатысқаныма қуаныштымын.

Айғаным 20.09.2023 12:39:21

Қазіргі тамаңда буллинг пен кибербуллинг қатты уштығып кеткен, сондықтан да оған қарсы жұмыс жасау керек. Сол үшін осы программалар қатты көмек береді. Рахмет сіздерге!

Ақжарқын 15.09.2023 10:24:39

Балаларды құрдастарымен қудалау (Буллинг) – ең көп жасөспірімдер арасында суицид қаупін едәуір арттыратын мектептер мен балалар ұжымдарында жиі кездесетін проблемалар топта және мектепте агрессия мен зорлық-зомбылықтың күшеюіне, оқу үлгерімінің төмендеуіне, эмоционалды және невротикалық мәселелерге әкеледі. Бұл жағдайды болдырмау керек, оған қарсы жұмыс жасау керек. Сол үшін осындай сияқты программалар керек, рахмет сіздерге!!!

Эльвира 14.09.2023 11:55:01

Кибербуллинг дегеніміз не? ХХІ ғасыр-цифрландыру ғасыры, ал қазір балалар гаджеттер мен ұялы телефондардың барлық түрлеріне ие және интернеттің көмегімен бәрін біледі. Кибербуллинг-бұл цифрлық қорлау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформаларында және ұялы телефондарда болуы мүмкін. Бұл қорлаудың нысанасына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе ұятқа қалдыру міндетін қоятын мақсатты мінез-құлық үлгісі. Сондықтан мұның бәрін болдырмау үшін шаралар қажет. Бұл үшін оқытушылар осы бағытта білім алып, дағдыларын арттырады.

Эльвира 14.09.2023 10:56:20

Кибербуллинг дегеніміз не? ХХІ ғасыр-цифрландыру ғасыры, ал қазір балалар гаджеттер мен ұялы телефондардың барлық түрлеріне ие және интернеттің көмегімен бәрін біледі. Кибербуллинг-бұл цифрлық қорлау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформаларында және ұялы телефондарда болуы мүмкін. Бұл қорлаудың нысанасына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе ұятқа қалдыру міндетін қоятын мақсатты мінез-құлық үлгісі. Сондықтан мұның бәрін болдырмау үшін шаралар қажет. Бұл үшін оқытушылар осы бағытта білім алып, дағдыларын арттырады.

Динара 13.09.2023 11:06:26

Буллинг-кибербуллинг түп-тамырымен жою жолындағы айтарлықтай кедергі болып «буллинг-кибербуллинг ұғымын түсіну аясының тарлығы табылады, аталмыш ұғым көбінесе тек дене жазалауына ғана емес, моральді жаққа қатысты қолданылады. Соған орай қазіргі таңнан бастап біздің ел сондай қағидаларға қарсы тұру керек.

Арай 08.09.2023 17:10:53

Қазіргі кезде білім беруді дамытуда педагогтердің әлеуметтік және білім беру ортасында және әлеуметтік өзара әрекеттестікте буллинг және кибербуллингке байланысты мәселелер туындап, шиеленісе түсуде. Кез-келген бала буллингке ұшырауы мүмкінн, физикалық, интеллектуалдық қабілеттеріне немесе материалдық жағдайына қарамастан құрбаны бола алады. Психологиялық жарақат тек қорлауға қатысушылар ғана емес, оның куәгерлері де алады. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру ұйымдарында соған қарсы жұмыс жасау керек. Осы программа соған көмек болады.