вторник, 17 октября 2023 г.
Орта білім беру ұйымдарының дефектолог-мұғалімдеріне арналған "Орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту" педагогтердің біліктілік арттыру курсының білім беру бағдарламасы
Курстың өзектілігі отандық білім беру жүйесінің даму тенденцияларымен анықталады. Біліктілікті арттыру курсы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілеріне және педагогтердің қажеттіліктеріне жүргізген талдау нәтижелеріне сүйеніп жасақталған. Бағдарламаларды педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары ескеріле отырып әзірленді.
Баланың дамуындағы сөйлеу, қозғалыс және психикалық бұзылулардың өзара байланысын әрдайым ескеру қажет. Осыған сүйене отырып, барлық логопедиялық жұмыс барлық тараптардың, психикалық және сенсорлық функциялардың дамуын ынталандыруға байланысты. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар көру және есту тітіркендіргіштеріне жауап бермеуі мүмкін. Сондықтан, балалар қоршаған әлемді, негізінен, ересек пен баланың бірлескен іс- әрекеті арқылы біледі. Бұл әрекеттестік педагог –дефектологтардың және ересектермен баланың бірлескен іс- әрекеті арқылы орындалады.
Қазақстанда педагог- дефектологтардың кәсіптік білімі бүгінде ерекше білім беру интеграциясына жүгінеді. Постиндустриалды қоғамдағы еңбек қызметі саласының серпінді, сапалы өзгеру жағдайында, мамандардың тұрақты кәсіптік ,тұлғалық дамуындағы тәжірибенің қажеттіліктеріне негізделген көп деңгейлі процесс ретінде қарастырылады. Дефектологтардың кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің ішінде тіл мүкістігі бар балалармен жұмыс істеу үшін мамандар даярлау мәселесі ерекше орын алады. бұндай балалармен жұмыс істеу үшін педагог- дефектологтардың кәсіби даярлығының сапасын арттыру қажет. Бұл елдің көптеген қоғамдық- саяси, экономикалық, әлеуметтік- педагогикалық және әлеуметтік- мәдени мәселелерін шешу үшін өте маңызды. Педагог- дефектолог бүгінгі таңда дәстүрлі және арнайы білім берудің мазмұнына бағытталған әмбебап білім алушы.
Бағдарламаны әзірлеу үшін педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарында педагогтердің кәсіби дамуындағы қажеттіліктерін талдауда деректер жиналып, педагогтермен және оқушылармен сұхбатттасу арқылы фокус-топтағы педагогтердің қазіргі оқыту тәжірибелері зерделенді. Сабақтарға қатысу арқылы деректер жиналып, педагогтерге мен оқушыларға сауалнама жүргізілді. Деректер талданып, нәтижесінде дефектолог- педагогтардың оқыту мен оқуда қиыншылық тудыратын мәселелері анықталды. Бағдарламаның мазмұны мен тақырыптары арнайы педагогтардың қажеттілігін қанағаттандыруға негізделіп жасақталған.
Бағдарламада Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», «Ақыл - есі кем адамдардың құқықтары туралы Декларация», «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Балалардың өмір сүруін, қорғалуын және дамуын қамтамасыз ету туралы Дүниежүзілік Декларация», «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Конвенция», «Мүгедектердің құқықтары және т.б. халықаралық құжаттар қолданылды. Сілтеме: https://special-edu.kz/
Бағдарламаның жаңашылдық дәрежесі білім беру ұйымдары арнаулы педагогтарынің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасын әзірлеуден тұрады, педагогикалық шеберлікті арттыру мәселелерінде педагогтарға практикалық көмек көрсету, үздік педагогикалық тәжірибені зерделеу, қорыту және практикаға енгізу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістері мен тәсілдерін меңгеру. Бұл ретте арнайы педагогтардың кәсіби қызметін сүйемелдеудің теориялық және ұйымдастырушылық-педагогикалық әзірлемелеріндегі маңыздылығы ескеріледі.
Арнайы педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінде осы бағдарламаның аналогтары жоқ.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері
Мақсаты: Қазіргі заманғы халықаралық психологиялық-педагогикалық технологиялар мен оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде орта білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша арнайы педагогттердің (дефектолог- мұғалімдердің) кәсіби құзыретіліктерін кеңейту.
Міндеттері:
1) арнайы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттары мен қағидаттарын айқындау;
2) мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен тәсілдерін және мектепте оқыту үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін тиімді бағалау;
Оларға қолдау көрсету үшін деңгейлік тәсілдің ерекшеліктерін зерделеу;
3) қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістері мен технологияларын қолдану;
4) ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзету жұмыстары үшін цифрлық ресурстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру
5) оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи тәсілдерді қолдану негізінде білім беру үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруда сабақты жобалаудың тәжірибелік білімі мен дағдыларын көрсету;
6) оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде әріптестеріне демо-сабақтарға\ тапсырмалар сериясына сындарлы кері байланыс беру.
Күтілетін нәтижелері :
1) арнайы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын біледі және қағидаттарын айқындай алады;
2) мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен тәсілдерін және мектепте оқыту үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін түсінеді. Оларға қолдау көрсету үшін деңгейлік тәсілдің ерекшеліктерін зерделейді;
3) қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістері мен технологияларын қолдана алады;
4) ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзету жұмыстары үшін цифрлық ресурстарды пайдалана алады;
5) оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи тәсілдерді қолдану негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруда сабақты жобалаудың тәжірибелік білімі мен дағдыларын көрсетеді;
6) оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде әріптестеріне демо-сабақтарға\ тапсырмалар сериясына сындарлы кері байланыс береді.
5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бағдарлама құрылымы бойынша инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді менеджментінің негіздері бойынша әртүрлі аспектілерді көрсететін 4 модульден тұрады.
1 |
Диагностикалық тестілеу |
1 |
Модуль 1. Білім беру сапасын арттыру саласында оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын дамыту |
1.1 |
Арнайы орта білім беру педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілері. Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатының талаптары аспектісінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес халықаралық құжаттарға шолу. |
1.2 |
Білім беру процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар психологиялық-педагогоикалық қолдаудың ұйымдастырушылық негіздері. |
1.3 |
Мектептегі оқу процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін бағалауды және қолдауды ұйымдастырудағы деңгейлі тәсіл. |
1.4 |
Жалпы білім беретін мектептегі арнайы педагог қызметінің мазмұны.Сынып жетекшісімен ынтымақтастығы. |
1.5 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы педагогтың түзету-дамыту технологиялары: сипаттамасы және пайдалану бағыттары. |
1.6 |
Сабақты жобалаудың негізіндегі педагогикалық технологиялар. Сабақты жоспарлауға қойылатын талаптар. |
1.7 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда тұлғаға бағытталған технологияларды қолдану. |
1.8 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі нейропсихологиялық әдістер. |
1.9 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда Д.Айрестің сенсорлық интеграция әдісін қолдану. |
1.10 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуде жобалық технологиясын қолдану. |
1.11 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың белсенді әдістерін қолдануға негізделген технологиялар. |
1.12 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда денсаулық сақтау технологияларын қолдану. |
1.13 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда ойын технологияларын қолдану. |
1.14 |
ЕББҚ бар балаларға арналған бейімделген білім беру бағдарламаларын жобалау және әзірлеу. |
1.15 |
Демо-сабақты қорғау. Демо - сабақты презентациялау. |
2 |
Модуль 2. Арнайы педагогтердің цифрлық сауаттылығын және ІТ құзыреттілігін дамыту. |
2.1 |
Заманауи желілік және бұлтты технологияларды пайдалану. Желілік интерактивті презентациялар жасау. |
2.2 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуде АКТ қолдану. |
3 |
Модуль 3. Вариативті мазмұны |
3.1 |
Зиятында бұзылыстары бар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. |
3.2 |
Көру қабілеті бұзылған білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. |
3.3 |
Есту қабілеті бұзылған білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. |
3.4 |
Сөйлеу қабілеті бұзылған студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. |
3.5 |
ПТД бар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. |
3.6 |
Тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. |
3.7 |
ЕБҚ бар білім алушылардың, оның ішінде аутизм спектрі бұзылған білім алушылардың даму ерекшеліктері, оқу қиындықтарының түрлері. |
4 |
Модуль 4.Lesson study жобасын қорғау |
4.1 |
Lesson Study.Қысқаша мазмұны: Lesson Study технологиясының мақсаты.Іске асыру кезеңдері: мақсат, мазмұны, нәтиже. Технологиялық сессиялардың мақсаты мен саны. Бақылау карталары.Кейс талдауы. |
4.2 |
Демонстрациялық сабақты бақылау және талдау. |
4.3 |
Курстан кейінгі кезеңде өз тәжірибеңізде қолдану үшін Lesson Study 5 кезеңін жобалау. |
4.4 |
Меңгерген тақырыптар бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау. |
Толық ақпаратты жүктеу https://cloud.mail.ru/public/nQqA/cFCdLaj5t