вторник, 17 октября 2023 г.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттерін оқытуға арналған «Білім беру ұйымдарындағы педагог-ассистент» бағыты бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
Қазақстан Республикасының заңнамасында адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес елдің барлық балалары үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделеді.
Инклюзивті білім беруді дамытпай, инклюзивті қоғам болу мүмкін емес. Ең алдымен, қоғам адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамның жеке ерекшеліктеріне назар аудармай, бір-біріне деген құрмет мәдениетінен туындайтынын түсінуі керек. Педагог-ассистенттің білім беру инклюзивті практикасы жағдайында мұғалімнің педагогикалық қызметінен алшақтатпай, ЕББҚ бар студенттерге білім беру процесіне қатысуға көмектесу, мектеп ережелерін сақтауға, құрдастарымен қарым – қатынас орнатуға, олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін реттеуге үйрету өте маңызды.
Бағдарлама педагог-ассистенттің нормативтік-құқықтық хабардарлық, теориялық ережелер мен практикалық дағдыларды меңгеру саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге, олардың инклюзивті білімін тиімді іске асыру мақсатында ЕББҚ бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауді қамтамасыз етуге бағытталған; сонымен қатар педагог-ассистенттің мұғаліммен, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарымен кәсіби өзара іс-қимылы, ЕББҚ бар балалардың ата-аналары.
Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балаларды оқытуда білім беру процесін ұйымдастыру және мазмұны бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
Міндеттері:
- жалпы білім беретін мектептің педагог ассистентінде инклюзивті білім туралы жүйелі білім мен түсініктерді қалыптастыру;
- білім беру ұйымдарында балаларды психологиялық-педагогикалық бағалау алгоритмдері мен әдістерін үйрету;
-педагог ассистентті ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау әдістері мен технологияларына үйрету: тексеру, жеке дамыту бағдарламаларын жасау және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
- ЕББҚ бар оқушылардың білім беру және әлеуметтену процесін ұйымдастыру бойынша бағдарламалық құжаттарды дайындауда зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
1. ҚР инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы, педагог ассистенттің біліктілік талаптары мен құзыреттері туралы білімі бар;
2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдауді жүзеге асырады;
3. Балалардағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын жасауға қатысады;
4. Білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетеді, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктері бойынша шектелген жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
5. Оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмысы процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру динамикасын хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингілеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
6. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмірі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;
7. Белгіленген нысан бойынша есепті құжаттаманы жүргізеді.
5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бағдарлама 4 модульден тұрады:
1) 1-модуль
1) Инклюзивті білім беру саясаты мен әдістемесі. Инклюзивті білім беру саласындағы отандық және халықаралық заңнамалық база.
2) ЕББҚ бар балалар топтарының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері.
3) ЕББҚ бар білім алушыны қолдау бойынша педагог-ассистент жұмысының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері
4) Тәрбие процесі, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.
1 |
Модуль 1. Инклюзивті білім беру саясаты мен әдістемесі. Инклюзивті білім беру саласындағы отандық және халықаралық заңнамалық база.
|
1.1 |
Инклюзивті мәдениет, саясат және практика принциптері. Инклюзивті білім беруді енгізудің қазақстандық және халықаралық тәжірибесі. |
1.2 |
ҚР арнайы және инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы. |
2 |
Модуль 2. ЕББҚ бар балалар топтарының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері.
|
2.1 |
Психофизикалық дамудың бұзылуына байланысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар. |
2.2 |
Оқуда ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары болып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар |
2.3 |
Қолайсыз өмір сүру жағдайларына байланысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар). |
3 |
Модуль 3. ЕББҚ бар білім алушыны қолдау бойынша педагог-ассистент жұмысының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері.
|
3.1 |
«Ерекше білім беру қажеттіліктері» ұғымы. |
3.2 |
Оқу жоспары және оқу бағдарламасы. |
3.3 |
«Кедергісіз орта» және оқу орнын бейімдеу, компенсаторлық және техникалық құралдарды пайдалану ерекшелігі. |
3.4 |
Жалпы білім беретін мектепте ЕББҚ бар білім алушыны психологиялық-педагогикалық қолдау. |
3.5 |
Балалардың жағымсыз мінез-құлқының себептері. Балалардағы жағымсыз мінез-құлықты жеңу әдістері. |
3.6 |
Жалпы білім беретін ұйымдағы педагог-ассистент қызметінің мазмұны. Педагог-ассистенттің ЕБҚ бар балаларды зерттеп-қарауды ұйымдастыру тәртібі. Зерттеп-қарау нәтижелерін құжаттау. |
4 |
Модуль 4. Тәрбие процесі, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.
|
4.1 |
Инклюзивті сыныпта тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістері мен формалары. |
4.2 |
Педагог-ассистенттің ЕББҚ бар баланың ата-анасымен жұмысының мазмұндық-ұйымдастырушылық нысандары. |
Қорытынды бақылау. |
|
Барлығы 104 сағат |
Толық ақпаратты жүктеу https://cloud.mail.ru/public/yAmu/wsWSREewJ