«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы

5 ноября 2023 г.

Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын (бұдан әрі – Курстар) «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ жүзеге асырады.

"ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында, Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыру жөніндегі жол картасында қойылған мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа алады және қаланың жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтер үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Алматы қаласы мектептерінің директорлары, директорлардың орынбасарлары, психологтар, дефектологтар, логопедтер, сынып жетекшілері және пән мұғалімдері курстардың бенефициарлары болып табылады.

Мақсаты:

- жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті практиканы ұйымдастыру және енгізу бойынша психологтар мұғалімдер, логопедтер, арнайы педагогтар, педагог-ассистенттер, директорлар, директор орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибені зерделеу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды оқытудағы инновациялық тәсілдер мен жаңа шешімдер арқылы педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру;

- Алматы қаласының мектептерінде инклюзивті білім беру бойынша білім беру қызметтерінің сапасын арттыру.

Қызмет көрсету мерзімі: 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін.

Қызмет көрсету орны: Алматы қаласы.

Міндеттері:

- жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлерінде инклюзивті білім беру саласындағы инклюзивті білім туралы жүйелі білім мен түсініктер қалыптастыру;

- білім беру ұйымдарында балалардың (ЕБҚ) психологиялық-педагогикалық бағалаудың алгоритмдері мен әдістерін үйрету;

- ЕБҚ балаларды оқыту әдістері мен оқу білім беру бағдарламаларын бейімдеу және даралау бойынша мұғалімдер мен арнайы педагогтердің дағдыларын қалыптастыру;

- арнайы педагогтарды, логопедтерді, психологтарды ЕБҚ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларына үйрету: тексеру, жеке-дамытушылық бағдарламалар жасау және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

 

"https://www.youtube.com/embed/Y32seqdCXCo?si=BZZ6sYvad1Lv6f2b"